«Атырауда жасалған»
— 31.10.2026 18:00
Выставочный центр
Абулхаир хана, 79.
Кіру тегін
Атырауда «Атырауда жасалған» атты жергілікті өндірушілер көрмесі өтеді
31 қазанда Атырау қаласында «Атырауда жасалған / Сделано в Атырау» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Келушілер жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен танысып, жаңа әзірлемелер туралы біле алады.
Көрмеде құрылыс материалдары, металл конструкциялар, химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік өнімдері, IT-шешімдер мен креативті индустрия тауарлары ұсынылады.
Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін бизнесті дамыту мүмкіндіктеріне, мемлекеттік қолдау шараларына және еңбек заңнамасындағы жаңа талаптарға арналған пленарлық отырыс ұйымдастырылады.
📍 Өтетін орны: көрме орталығы, Әбілқайыр хан даңғылы, 79.
🗓️ Күні мен уақыты: 31 қазан, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.
🎟️ Кіру тегін.
Көрме жергілікті өндірушілерді қолдауға, Атырау кәсіпорындарының өнімдерімен танысуға және жаңа іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік береді.
