1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада күшейтілген рейдтер өтуде
Русский0
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шараның басталуынан бері 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Әлеуметтік тәртіпті, миграциялық заңнаманы және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау ерекше назарда.
Мысалы, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың миграция саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 97 әкімшілік материал жасалды. Сонымен қатар, миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін 22 адам жауапқа тартылды, ал 20 шетелдік Қазақстаннан шығарылды.
Полиция тұрғындарды және елорда қонақтарын заңнаманы сақтауға және анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
