АНПЗ-де өртке қарсы оқу-жаттығулар өтеді: Атырау тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды
Русский0
6 қараша күні 11:00-ден 12:00-ге дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығуларға 25 арнайы техника бірлігі, Атырау облысының ТЖД өрт-құтқару бөлімшелері және «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС қатысады.
Облыстық ТЖД басшылығымен құтқарушылар өнеркәсіптік нысанда төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерді пысықтап, жеке құрам мен техниканың жедел әрекет етуге дайындығын тексереді.
Зауытта өрт машиналарының жиналуы жоспарлы оқу-жаттығулармен байланысты екенін ескертіп, қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
