Атырау облысында экологиялық заң бұзушылықтар үшін мұнай компаниясынан жарты миллиард теңгеден астам ақша өндірілді
Русский0
Атырау облысының табиғат қорғау прокуратурасы «ЖАН и КС» мұнай компаниясының қызметінде экологиялық заңнаманың бұзылуын анықтады. ⠀ Анықталғандай, компания бұрғылау кезінде заңсыз түрде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін жинақтаған. ⠀ Компания ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 миллиард теңгеден астам көлемінде айыппұл салынды. ⠀ Компания айыппұлды сот тәртібімен даулау әрекетін жасаған, алайда шағымдар қабылданбады, ал қаулы заңды күшіне енді. ⠀ Міндетті өндіріп алу аясында сот орындаушылары жергілікті бюджетке 490 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Қалған соманы өндіріп алу прокуратураның бақылауында. ⠀ Прокуратурада заңнамадағы өзгерістерге байланысты экологиялық айыппұлдардан түсетін қаражат енді республикалық бюджетке емес, облыс бюджетіне түсетінін атап өтті.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
