Атырау облысында Махамбет ауылындағы көпір бір тәулікке жабылады
Русский0
Атырау облысының Махамбет ауылында Атырау — Уральск және Атырау — Индер автожолдарын байланыстыратын көпірде барлық түрдегі автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеу көпірдің орташа жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Қозғалыс 2026 жылдың 17 қарашасы сағат 08:00-ден 18 қараша сағат 09:00-ге дейін жабылады.
Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды және уақытша қолайсыздықтарды ескеруді сұрайды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
