Атырау облысында мұнай мен газ өндіру артты
Русский0
2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 62,1 млн тонна мұнай және 34,8 млрд текше метр газ өндірілді. 2024 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемі шамамен 24%-ға, газ — 31%-ға артты.
Атырау облысы Қазақстанның негізгі мұнай өндіруші өңірі статусын сақтап отыр. Оның үлесіне елдегі барлық өндірілетін мұнайдың 62%-дан астамы және ілеспе мұнай газдың 85%-ы келеді.
Бір жылда облыстың экономикасы 8,8%-ға өсті. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің көлемі 16,6 трлн теңгеге жетті.
Атырау мұнай өңдеу зауыты шамамен 5,5 млн тонна мұнайды өңдеді. Бензин өндірісі шамамен 9%-ға, дизель отыны — 14%-ға артты.
Бұл деректер 2027–2029 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында келтірілген.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
