Атырауда мопед жүргізушісі мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды
Русский0
6 қазанда рейд барысында полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйінде ZR200 мопедін басқарған 39 жастағы ер адамды анықтады. Сонымен қатар, жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы болмаған.
Сол күні полиция қызметкерлері тағы екі жүргізушіні анықтады, олар көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Ford және Mercedes автокөліктерінің рөліне қайта отырды.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Мопед пен автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
