Атырауда «Таза ауа» рейді барысында түтін деңгейі нормадан асқан автокөлік анықталды
Русский0
29 қазан күні Атырау облысының экология департаменті қала полициясы қызметкерлерімен бірге «Таза ауа» рейдін өткізді.
10 тексерілген автокөліктің бірінің түтін деңгейі белгіленген нормадан асып кеткен. Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Рейдтің мақсаты — автокөліктердің шығаратын зиянды заттарының мөлшерін бақылау және ауа ластануын азайту.
Сондай-ақ, жүргізушілерге қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
