Атырауда жаңа қала әкімінің орынбасары тағайындалды
Русский0
Айдулат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жоспарлау және келісім-шарт жұмыстары бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастады.
2008-2010 жылдары аталған бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді, 2010-2011 жылдары бөлім бастығы лауазымын атқарды, ал 2011-2019 жылдары басқарма басшысының орынбасары болды.
2019-2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың желтоқсанынан жаңа тағайындауға дейін Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
Атырау әкімі Данияр Таханов жаңа орынбасарына жұмыста табыс тілеп, қала тұрғындарын алаңдататын өзекті мәселелерді жүйелі шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
