Атыраудағы вокзалдың реконструкциясы: жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде
Русский0
Атырау теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары екі ауысымда ұйымдастырылған, нысанда 170 адам еңбек етуде. Бүгінгі таңда жұмыстардың 75 пайызы аяқталды, деп хабарлайды Аймақтық коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта вокзал ғимаратында батареялар орнатылып, жылыту жүйесі іске қосылды. Еден плиткасы төселуде, қабырғаларды қаптау және бояу, төбені әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жолаушылар үшін лифттер мен эскалаторлар орнатылады.
Құрылыс барысымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асет Оразғалиев танысты.
Жауапты мамандарға жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
