Енді сарбаздар QR-код арқылы басшыларына анонимді түрде шағымдана алады
Русский0
Ұлттық ұлан сарбаздары енді басшыларына QR-код арқылы анонимді шағым жолдай алады Ұлттық ұланда сарбаздардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауға арналған ULAN SENIM цифрлық жүйесі іске қосылды.
Қосымша арқылы әскери қызметшілер өз мәселелерін аты-жөнін көрсетпей, тікелей қолбасшылыққа жеткізе алады. Жүйе әзірге Алматыдағы 6654 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатыр. Оған кіру үшін сарбаз QR-кодты сканерлеп, өтініш санатын таңдап, мәселенің мән-жайын жазуы қажет.
Өтініштер әскери қызметтегі құқықтардың сақталуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, материалдық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бөлімдегі моральдық ахуал сияқты мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ сарбаздар өз ұсыныстарын да жолдай алады.
Әр өтінішке жеке нөмір беріліп, оны қарауға үш күн уақыт бөлінеді. Ал сарбаздар өз өтініштерінің қаралу барысын қосымша арқылы бақылай алады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
