Майами әуежайында екі ұшақ соқтығысты: жолаушыларға медициналық көмек қажет болды
Русский0
Copa Airlines компаниясының Boeing 737 ұшағы қонуға бет алған кезде UPS компаниясының Boeing 767 ұшағымен соқтығысты. Осы сәтте жүк ұшағы Колумбияға ұшуға дайындалып жатқан еді.
UPS экипажына жолаушы ұшағына жол беру туралы нұсқау берілгені хабарланды.
Оқиға тергелуде.
Copa Airlines компаниясы соқтығыс кезінде ұшақта 166 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болғанын мәлімдеді. Оқиға нәтижесінде екі жолаушы жеңіл жарақат алып, әуежай дәрігерлерімен тексерілді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
