Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сагимбаевты қабылдады
Русский0
Президент ведомствоның жыл басынан бергі негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы есепті тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен және экстремизммен, ұйымдасқан қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне, сондай-ақ кибер- және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Кездесудің нәтижесінде Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
