Президент ірі қалалардың дамуының жоспарларын әзірлеуді тапсырды
Русский0
Президент бүгінгі таңда ірі қалалардың экономика, білім және технологиялар үшін тірек болып табылатынын, сондай-ақ таланттарды дамыту орталықтары екенін атап өтті.
— Ақырында, мықты қалалар мықты өңірлердің негізін қалыптастырады, ал мықты өңірлер — мықты мемлекеттің негізі. Сондықтан әр ірі қалада Үкімет бекіткен орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму жоспары болуы тиіс, — деді Мемлекет басшысы.
Ол сондай-ақ Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, жақын арада қалалық инфрақұрылымның цифрлық егіздерін әзірлеуді тапсырды, бұл қалалық ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
— Қалалардың қауіпсіздігі, жайлылығы және көркейтілуі басымдыққа ие болуы тиіс. Бұл жұмысқа мемлекеттік маңызды міндет ретінде қарау қажет. Бұл талап «Таза Қазақстан» ұлттық концепциясына толық сәйкес келеді. Егер қала динамикалық дамыса, онда тиісті өңірдің экономикасы да өседі, сондай-ақ оның адам әлеуеті де артады, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
