Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған атыраулық сарбаз марапатталды
Қазақша0
Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған атыраулық сарбаз Бекет Қуандық Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы сарбазға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов табыстады.
Бекет Қуандық марапаттау рәсімінен түскен суреттерді әлеуметтік желіде жариялап, қаза тапқан қаруластарын еске алды.
«Теңізден аман оралған күн — өмірімдегі ең ұмытылмас сәттердің бірі. Бұл марапат — үнсіз қалған ерліктің белгісі. Жатқан жерлері жарық болсын, қаруластарым!», — деп жазды сарбаз.
Комментарии
Пока нет комментариев.
