Алибек Асылбеков Атырау қалалық полиция басқармасының №2 бөлімінің бастығы болып тағайындалды
Русский0
Атырау қалалық полиция басқармасында кадрлық тағайындау жүргізілді. Атырау қалалық полиция басқармасының №2 бөлімінің бастығы болып полиция полковнигі Асылбеков Алибек Асылбекович тағайындалды.
Алибек Асылбеков ішкі істер органдарында елеулі тәжірибеге ие және оперативтік жұмыста көп жылдық стажы бар.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 2010 жылы бастады. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
Жаңа лауазымында қоғамдық тәртіпті қорғауды, құқық бұзушылықтардың алдын алуды және жүктелген бөлімшенің жұмысын тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуі қажет.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
