Атырауда Hyundai Tucson жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Русский0
11 қарашада сағат 06:30 шамасында Атырау қаласындағы Байтак-3 шағын ауданында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде.
Оқиғаның басқа мәліметтері тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
