Батыс Қазақстан облысының тумасы Марат Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Русский0
Марат Ирменов — Батыс Қазақстан облысының тумасы. 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтын, ал 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.
Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметін 1996 жылы бастады. 2000 жылға дейін оперативтік лауазымдарда жұмыс істеді, ал 2000 жылдан 2025 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2016 жылға дейін Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірінші орынбасары болды.
2016 жылдың шілдесінен 2020 жылдың ақпанына дейін Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін басқарды. 2020 жылдың ақпанында, Кордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін, Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып тағайындалды.
2022 жылдың қаңтарында Ирменов Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін басқарды.
2019 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы берілді.
2025 жылдың қазанында Марат Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ал қазір ведомствоны басқарып отыр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
