FlyArystan Дубайға тікелей рейстер туралы маңызды мәлімдеме жасады
Русский0
"Бірінші рейс 2026 жылдың 21 қарашасында жүзеге асады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады", – делінген FlyArystan-ның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Сонымен қатар, лоукостер рейстердің кестесін ұсынды:
сейсенбі күндері Ақтаудан рейс 05:15-те ұшып, Дубайға 09:50-де жетеді. Кері рейс Дубайдан 10:55-те ұшып, Ақтауға 17:25-те келеді; сенбі күндері Ақтаудан ұшу 07:20-да жоспарланған, Дубайға 11:55-те жетеді, ал кері рейс 13:00-де ұшып, Ақтауға 19:30-да келеді.
Қазақстан азаматтарына Дубайға бару үшін виза рәсімдеудің қажеті жоқ, өйткені ОАЭ-ге 30 күнге дейін кіруге рұқсат берілген.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
