Махамбет ауылындағы көпірде ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды
Русский0
Махамбет ауылындағы Атырау–Орал және Атырау–Индер автомобиль жолдарын жалғайтын көпірде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 5 қарашадан бастап 20 күн бойы көпір арқылы ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жүргізушілерден жолға шығар алдында осы шектеуді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлау сұралады. Сондай-ақ балама жолдарды қарастыру қажет.
Жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындар мен жүргізушілерден түсіністік таныту сұралады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
