OpenAI жобалары және 824 млн теңге көлеміндегі жарналар: Тоқаевқа "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының төрағасы не туралы баяндады
Русский0
Президентке "Қазақ тілі" қоғамы үш негізгі бағыт бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқаны туралы ақпарат берілді:
- қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, - қазақ тіліндегі контентті байыту, - жаңа технологиялар саласында тілдің қолданылуын кеңейту.
Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында 14 миллиард токен көлеміндегі мәтіндік корпус құрылып, 12 мың сағаттық аудиозапис жинақталғанын хабарлады.
Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дубляждалып, үлкен экрандарға шықты.
Сонымен қатар, "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының төрағасы Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы туралы ақпарат ұсынды.
Қазіргі уақытта жалпы жарналар көлемі 824 млн теңгеге жетті.
Мемлекет басшысы "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының қызметін жоғары бағалап, жоспарланған жобаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.
Президент мемлекеттік тілді оқыту және үйрету, сондай-ақ ғылыми әдебиетті аудару процесінде жасанды интеллектінің әлеуетін толыққанды пайдалану маңызды екенін атап өтті.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
