Прагадағы басты вокзал маңында екі пойыз соқтығысты
Русский0
46 адам зардап шекті, олардың төртеуі ауыр жарақат алды. Жергілікті биліктің мәліметтері бойынша, олардың өмірі қауіпте.
Апат таңертеңгі жетіде Сейфертова көшесінің үстіндегі теміржол көпірінде болды. Бір пойыз Млада-Болеславтан, екіншісі Миловицеге бағыт алған. Пойыздардың бір жолға қалай түскені әзірге белгісіз.
Пойыздардың қозғалысы учаскеде уақытша тоқтатылды, ал ұзақ қашықтыққа жүретін пойыздар басқа вокзалдарға бағытталды. Материалдық шығын алдын ала 650 мың еуро (шамамен 317,8 млн теңге) деп бағаланып отыр.
Чехияның көлік министрі Иван Беднаржик соқтығыстың мән-жайлары зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Испанияда Урде теміржол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу дайындалып жатқаны хабарланған. Соңғы жарияланған мәліметтер бойынша, 56 адам қаза тапқаны анықталды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
