Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік лицензиясынан айырылды
Русский0
«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бақылау қызметі аясында коллекторлық агенттіктердің қызметін тексерді. Нәтижесінде борышкерлермен және (немесе) үшінші тұлғалармен өзара әрекеттесу барысында адал емес әрекеттердің жүйелі (12 қатарынан күнтізбелік ай ішінде үш және одан да көп рет) фактілері анықталды», - делінген хабарламада.
16 қараша 2026 жылғы агенттік бұйрықтарына сәйкес реестрден төмендегі ұйымдар шығарылды:
«Seven» коллекторлық агенттігі;
«iCollect» коллекторлық агенттігі;
«Каз Инвест Коллекшн» коллекторлық агенттігі;
«Табыс» коллекторлық агенттігі.
Реестрден шығарылғаннан кейін компаниялар коллекторлық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Хабарламаны алғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде олар қабылданған шешім туралы тиісті кредиторларға, борышкерлерге және сенімгерлік басқару шарттарының тараптарына хабарлауы тиіс. Сонымен қатар, 30 күнтізбелік күн ішінде ұйымдар қайта тіркеуден өтуі керек, өз атауларынан «коллекторлық агенттік» сөздерін және мұндай қызметті жүргізуді көрсететін басқа белгілерді алып тастауы тиіс.
«Бұл ретте коллекторлық агенттіктің реестрден шығарылуы борышкерлерді банктік займ шарттары немесе микрокредит беру шарттары бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды», - деп атап өтті АРРФР.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ.
